Махамбет ауданының Еңбекшіл ауылдық округіне қарасты жайылымнан тұрғындардың малын қолды еткен қылмыстық топ ұсталды.
Полицейлер қылмыстық топтың бірнеше жылқымен қатар, сиыр, түйені (9 қылмыс) ұрлағандарын анықтады. Топ құрамындағы
Махамбет және Құрманғазы аудандарының 38 бен 52 жастағы екі тұрғыны уақытша ұстау орнына қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жалғасуда.
Естеріңізге салсақ, биылғы жылдың 11 қаңтарынан бастап, мал ұрлығы қылмыстың ауыр санатына ауыстырылды. Сондай-ақ, осы заңда көзделгендей, мал ұрлағандар мен малынан айырылғандар өзара ымыраға келе алмайды, оған тыйым салынды.