Сәуір айында «ОПЕК-ке» мүше және құрамында жоқ елдер пандемияға байланысты сұраныстың күрт төмендеуіне қарай бірауыздан алдағы 2 жылда мұнай өнімділігін азайтуға шешім қабылдаған еді. Нақтырақ айтқанда, мұнай өндіруді ұжымдық түрде күніне 9 миллион 700 мың баррельге азайту көзделген.
Ал Қазақстан өндірісті тәулігіне 390 мың баррельге қысқартуға міндеттеме алды. Бұл қысқартулардың жартысына жуығы Теңіз бен Қашағанға тиесілі. Соңғы деректерге сүйенсек, «ОПЕК-пен» арадағы келісімге қарамастан Қазақстанның мұнай өндірісін бір деңгейде ұстап тұруға қарсы екені белгілі болды. Мұндай пікірді қолдаушылар арасында Бірікккен Араб Әмірлігі де бар. Дегенмен Ресей мен Сауд Арабиясы мұнай көлемін арттыруға құлық танытып отырған жоқ. Енді «ОПЕК» құрамындағы елдердің қандай шешімге келетінін алдағы ресми кездесулерден кейін білуге болады.
Мұнай мәселесінің қалай шешілетінін алдағы уақытта көретін боламыз.