Жыл басынан бері облыстық пробация қызметінің есебінде тұрған 166 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан. Бостандыққа шыққан бойда қоғамға бейімделіп, өз орнын тапқандар да бар.
Жұмысқа орналастырылғандар сырттай бақылауда болып, оларға толықтай аяққа тұрғанша құқықтық көмек көрсетіледі. Пробация бөлімшесі бастығының сөзінше, жылына бірнеше мәрте бос жұмыс орындар жәрмеңкелері де өткізіліп тұрады.
Нұрлан ҚАБДОЛОВ, Атырау облысы бойынша ҚАЖД бөлімше бастығы
Жылда тоқсан сайын «Нұр Отан » партиясының залында, Атырау мемлекеттік университетінің спорт залында жәрмеңке өткізіледі. Мекемелер шақырылып, сотталғандардың бәрі өздерінң түйіндемелерін тапсырып жатады. Жұмысқа орналасқан азаматтар бар. Әлде де оларға әлеуметтік құқық көмек көрсетеміз.