Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының 10 елі, сондай-ақ, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Аустралия және Жаңа Зеландия аймақтық экономикалық серіктестік туралы келісімге қол қойды.
Осылайша, әлемдегі ең ірі еркін сауда аймағы құрылды. Бұл келісімді Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш те қолдады.
Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы
Көпжақты әрекет дәл қай жерде керек екендігін білсек, жақсы нәтиже береді. Мен сіздердің көшбасшылық қасиеттеріңізге сеніп, біздің ортақ үйімізді қорғау үшін дұрыс шешім қабылдап, нақты шара қолданады деп үміттенемін.
Құрылған еркін сауда аймағында шамамен 2 млрд 200 млндай адам тұрады. Ішкі жалпы өнім көлемі 28 трлн долларға бағаланып отыр. Бұл әлемдік жалпы ішкі өнімнің 32 пайызынан көп. Енді бұл тізімге Үндістан елі қосылады деген де болжам бар.