Қоңыр күзде «Күзгі романс» атауымен Сафи Өтебаев атындағы Атырау және мұнай газ университетінде әсерлі поэтикалық кеш өтті. Кеште поэзияға сусындаған жастардың басын қосқан «Сезін» клубының тұсауы кесілді.
Образға толықтай енген талантты студент-жастар қазақ поэзиясының көрнекті өкілдерінің лирикалық шығармаларын оқығанда тәнті болмаған көрермен қалмады. Ұйымдастырушының сөзінше, талантты жастардың талабын ұштап, оларды мәдени ортамен байланыста ұстау аса маңызды.
Қанат ОРАЗАЛИЕВ, Жастар саясаты департаментінің директоры
Бұл поэзия клубының мақсаты – студенттеріміздің қазақ әдебиетіне, поэзиясына қызығушылығын арттырып, жоғары өнерлі орта құру және олардың талаптарын ұштау. Өкінішке орай, пандемияға байланысты аз ғана студент қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, пандемия баршаны үйде болуға үйреткенмен, руханият дүниесін жоғары деңгейде сақтап қалу үшін осындай шаралардың жиі өткізілгені дұрыс.