Ақтаудағы Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Ерболат Аманқос пен 3-сынып оқушысы Жанболат Аманқос күзгі демалыста Түркияда өткен ХІІ халықаралық пәндік олимпиададан жүлделі оралды. Бұл туралы МаңғыстауМедиа хабарлайды.
Ерболат математика, физика, дүниежүзі тарихы пәндері бойынша жақсы нәтиже көрсетіп, 3-орын алды. Ал Жанболат математика пәнінен 2-орын және қоршаған орта пәні бойынша 3-орынды қанжығасына байлады. Мектеп әкімшілігі ағайынды оқушының ата-анасына алғыс білдіріп, жеңісімен құттықтады.
Сонымен қатар оқушының ата-анасы өз кезегінде С. Бималиева, С. Болотова, Ж. Карджауова, О. Костылева, Ж. Идаев, Н. Менгали есімді мұғалімдерге алғыс айтты. Ал білім бәсінде сынға түскен оқушылардың өзі мұғалімдердің еңбегі мен қолдауының арқасында жоғары нәтиже көрсеткенін айтып отыр. Сондай-ақ мектеп директоры Гүлден Иманғалиева өз кезегінде балалардың шахмат ойнап, футбол секциясына баратынын және жан-жақты дамуына ықпал ететінін атап өтті.