7 қараша күні маңғыстаулық Naiza Fighting Championship промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен аралас жекпе-жектен турнир өтеді, деп хабарлайды МаңғыстауМедиа.
Кәсіпқой аралас жекпе-жек кешін жергілікті телеарна тікелей эфирден көрсетеді. Басталу уақыты – 20:30 (жергілікті уақытпен). Ақтау қаласында NFC 25 турнирінде 11 жекпе–жек өткізіледі. Октогонға шығатын спортшылар төмендегідей:
Жеңіл салмақ (61,2 келі): Дәулет Нұрғожа–Дастан Амангелді
Жартылай ауыр салмақ (93 келі): Думан Балмұханов–Карим Рузбакиев
Жартылай орта салмақ (77 келі): Медет Дильманов–Сағындық Мұқанов
Жеңіл салмақ (70 келі): Имран Мадедов–Ерасыл Уәлиев
Жартылай жеңіл салмақ (66 келі): Самат Жағрапов–Асхат Әкімов
Аса жеңіл салмақ (56 келі): Азат Максум–Альберт Ахмаев
Жартылай жеңіл салмақ (66 келі): Кутман уулу Жетимиш (Қырғызстан)–Асет Анарбаев
Жартылай орта салмақ (77 келі): Шохасан Мирзаматов (Өзбекстан)–Серік Тілекеев
Жеңіл салмақ (70 келі): Азамат Бақытов–Мелисбек Абдрахманов
Ауыр салмақ (+93 келіден жоғары): Дмитрий Попов–Сергей Зубков.
Кештің басты жекпе-жегі – орта жеңіл салмақта өтеді. Чемпиондық белбеу үшін (66 келі) Нұрбек Қабдрахманов (2-1) пен Ұлан Тамғабаев (5-4-0) таласады.