Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Расул Медетов пен арнайы мониторингтік топ мүшелері Маңғыстауда жол төсемдерінің сапасын тексерді. Жылжымалы зертхананы қолдану арқылы сынама алынып, үлгілер арнайы сараптамаға жіберіледі. Соның нәтижесіне байланысты салынып жатқан жолдардың сапасы анықталмақ.
Сондай-ақ, Антикор орталығында жол салатын мердігелермен кездесу өткізілді. Кей компания өкілдерінің сөзінше, тапсырыс берушілер ауылішілік жолдарды жөндеу жұмыстарының жобасын жөнді ұсынбайды.
Әмірбек ТӨЛЕГЕНОВ, мердігер
Жол салу кезінде түрлі қиындық кездеседі. Асфальт төсеу жұмыстарына алдын ала дайындалатын жоба қалай-солай жасақталып, мердігер компанияға беріледі. Біз қолда бар құжаттарға сай іске кірісеміз. Керекті материалдар мен жасалуы тиіс жұмыстар жобада көрсетілмегендіктен, амалсыз өте шығамыз. Айналып келгенде, мердігерлер кінәлі болып шығады.
Өз кезегінде агенттіктегілер әр мердігердің ұсыныстары қараусыз қалмайтынын айтып, тиісті орындармен жұмыс жүргізетінін жеткізді.
Расул МЕДЕТОВ, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің департамент директоры
Мердігерлер тарапынан айтылып жатқан сын пікір дұрыс. Тапсырыс беруші тиісті дәрежеде тапсырма бермейді. Жобада дұрыс жасалмайды. Қалыңдығына байланысты, қандай материалдар болу керек деген сияқты.
«Жол Активтерінің Ұлттық сапа орталығының» жергілікті филиалы өкілдерінің айтуынша, өңірде алынған 1 400-ге жуық сынаманың үштен бірі жарамсыз деп танылған. Талапқа сай келмеген сынамалар тапсырыс беруші мен мердігерлерге кері жіберілген.