Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың жеке заттары мен Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа тіккен жауынгерлік тудың көшірмесі Атырау гарнизонына жетті.
Оған қоса, төсбелгілер мен медальдар және әскери формалар қамтылған жылжымалы мұражай көпшілікке жол тартты. ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің моральдық-психологиялық ахуалын зерттеу мақсатында кездесу ұйымдастырды.
Дәулет ҚАДІРОВ, көрмеге жауапты маман
Аталған көрме Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Осыған дейін Шымкент, Арыс гарнизонында болдық. Бұл көрменің негізгі мақсаты – жауынгерлердің бойында отансүйгіштік сезімдерін арттыру. Сондай-ақ, аталардың ерліктерін ұлықтау, құрмет ету және жауыынгерлерімізге сол батырларымыздың ерлігін үлгі тұтуға шақыру.
Жұмыс тобының шалғайдағы әскери бөлімдерге барудағы тағы бір мақсаты – ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Құрамында министрліктің құқықтық, қаржылық және тұрғын үй мәселелері бойынша білікті офицерлер, психологтар мен әскери-патриоттық орталықтың өкілдері бар. Бүгінде министрлік өкілдері Маңғыстау және Атырау облыстарында өз жұмыстарын аяқтап, басқа өңірлерге қарай жол тартты.