Биылдың өзінде жемқорлар мемлекетке 20,8 млрд. теңге шығын келтірді. Бұл туралы ranking.kz сайты хабарлады.
2020 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қайшы қылмыстық істерден 20.8 млрд. теңге залал келіп, оның мөлшері өткен жылмен салыстырғанда 34.4%-ға артқан.
20,8 млрд. теңгенің 68,8%-ы немесе 14,3 млрд. теңгесі – жұмысына жүрдім-бардым қарайтын қызметкерлердің зияны болса, пара алғандар 1.9 млрд. теңге шығын келтірген. Бұл көрсеткіш өткен тоғыз ай ішінде 46,2 есеге көбейген.
2020 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында ел бойынша сыбайлас жемқорлық пен мемлекеттік мүддеге қарсы 1,7 қылмыс тіркелген. Осы істердің 1,1 мыңы пара алуға қатысты болды. Оның ішінде 603 адам пара алса, 500 адам пара берген, 46 адам парақорлар арасында делдалдық жасаған.