Облыстық денсаулық сақтау басқармасында тағы да ауыс-түйіс. Басшылыққа бұрынғы бас дәрігер Нұрлыбек Қабдықапаровтың орынбасары Асхан Байдуәлиев келді. Ол — Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, медицина ғылымдарының кандидаты. Мансап жолын Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің урология және жедел нефрология кафедрасында ассистент болып бастаған. Сондай-ақ, Алматы облысы мен Шымкент қаласындағы емханаларда басшылық қызметті атқарды. Айта кетейік, Асхан Байдуәлиев пандемия басталғалы бері облысымыздағы үшінші бас дәрігер. Бұған дейін бұл орында Байтолла Ғазизов пен Нұрлыбек Қабдықапаров отырған еді.