Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің экс-басшысы Қайрат Жолмұхамбетов 10 жылға сотталды. Естеріңізге сала кетейік, ол былтыр желтоқсанда бопсалау арқылы пара алды деген күдікпен ұсталып, темір торға тоғытылған еді. Өзі сұраған 10 мың доллардың 3 000-ын алып, жұмыс барысында заңсыз қамқорлық жасағаны үшін елордадан арнайы келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері оның қолына кісен салды.
Аталған іс бойынша тергеу жарты жылға созылып, сот процесі 5 айға жуық уақыт жүрді. Атырау облыстық №2 сотының шешімімен экс-салықшысының кінәсі толық дәлелденді.
Боранбай ҒАЛИЕВ, Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы
ҚР ҚК 366 бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол қарауындағы қызметкерлерін қызметін өсіру, жалпы қамқорлық жасағаны үшін 3000доллар көлемінде пара алды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.