Мектеп оқушыларына жарамсыз планшеттер таратылған. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында Үкімет тарапынан берілген гаджеттердің аудандарға таратылу жұмыстарына облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдық бақылау жүргізген еді. Бірақ екі жұма өтпей жатып аймақтарға жеткізілген планшеттерден ақау табылған. Тіпті, департамент жүргізген мониториң нәтижесінде 1999 планшеттің 166-сы пайдалануға келмейтін болып шықты.
Айдос МАМЫТ, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің АОД басшысының бірінші орынбасары
Техникалық ерекшеліктерге сәкес 1 жылдың ішінде мердігер мекеме өзі берген планшеттеріне ауыстырып, не болмаса жөндеп-реттеп беруі тиіс. Осы мерзімді пайдалана отырып, оқушылардың планшеттерін қайтадан жаңарту жүргізіп, толықтай ауыстырып беретін болады.
Бұзылған техниканы жөндеуге қанша уақыт кететіні белгісіз. Онсыз да карантиннің кесірінен жарты білім алып жүрген оқушылардың деңгейі тағы да төмендеп кету қаупінде.
Сонымен қатар, биыл 1 қазанда келуі тиіс 1 926 компьютер мен 15 697 дана ноутбук әлі жеткізілмеген. Облыстық білім беру басқармасы бұл жағдайды пандемиямен байланыстырып отыр. Десек те, компьютерлік техниканың жеткізілуі мен таратылуы департаменттің назарында болмақ.