2 күн бұрын «Жайық» жағалауында басталған қураған қамыс өрті әлі ауыздықталмады. ТЖД хабарлауынша, қызыл жалынға аңшының көлігі кінәлі екен.
Сенбі күні оқиға орнына бірден өрт сөндіру қызметі жіберілген. Алайда батпақты жолдың кесірінен өрт сөндіру жұмыстары қарраңғы түсісімен тоқтатылған. Кеше әуеге көтерілген тікұшақ тілсіз жаудың 750 га аумақты шарпығанын анықтаған.
Рашид БІЛӘЛОВ, Атырау облысы ТЖД басшысының орынбасары
Сұрастыру-іздестіру жұмыстары бойынша аңшы шығып, 55жылғы азамат өзінің көлігі өртке оранып, соның салдарынан қамыс өртенуі болғаны анықталып отыр. ++Бүгін мына желдің қаттылығы, қамыстың батпақтығы өшіруге қиындық туғызып тұр.
Өрт сөндірілмейінше, өкпені қапқан қара түтіннің сейілмесі анық. Қазір соған байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дегенмен тілсіз жау өзен жаққа бет алғандықтан, елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ,- дейді жауаптылар. Қазір оқиға орнында 46 орт сондирушы, 11 техника, 4 кайык төтенше оқиғамен күресуде.