Енді әртістер фонограммамен ән айтатынын алдын ала ескертуі қажет. Мұндай ұсыныс Мәжіліс депутаттарының отырысында мәдениет мәселелері бойынша заңнамалық актілерді қайта қарау кезінде айтылды.
Танымал әнші, Нұрмұхан Жантөрин атындағы атындағы облыстық филармонияның бас режиссеры Ақмарал Мәшімова жаңа заңды қабылдамас бұрын іс-шаралардың өткізілу орны мен техникалық жағдайды есепке алу керегін айтады. Оның сөзінше, кей концерттерде сыртқы факторлар мен техникалық кедергілердің кесірінен жанды дауыста ән айту қиындық туғызады.
Ақмарал МӘШІМОВА, Атырау облыстық Н.Жантөрин атындағы филармонияның бас режиссері:
Жұрт тойға шығатын әншілер қырып ақша табады деп ойлайды. Бірақ азға қанағат етіп жүрген филармонияның да әншілерін ұмытпаған жөн. Олар жасанды дауыспен ән айтпайды. Заң күшіне енбей тұрып, әннің қайда, кімге, қалай айтылатыны егжей-тегжейлі көрсетілуі қажет. Мәселен, үкіметтен қонақ келгенде концерттің еш кемшіліксіз, жоғары деңгейде өткенін қалайсың. Сондай кезде бас режиссер фонограммамен айтуға шешім қабылдайды.
Халық қалаулылары сахнадағы әртістердің бейәдеп қылықтарға жол беру мәселеcін де қозғады.