Атырауда 25 қыркүйектен бастап теміржол қатынасы қайта жанданады. Онлайн билеттер сатылымға шықты.
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіндегілер бұл ақпараттан бейхабар болса керек, күні кеше пойыздардың әзір жүрмейтінін хабарлаған еді. Бірақ бір аптадан кейін Атырау–Маңғышлақ, Атырау–Нұр-Сұлтан, ал 26 қыркүйектен бастап, Атырау–Алматы, Атырау–Ақтөбе бағытындағы жүрдек пойыздардың жолға шығатыны туралы ресми ақпарат тарады.