Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 242 жағдайы және 2 өлім тіркелді. Оған қоса 55 адам емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
1 тамыздан бері ауырғандар 30 579-ға жетсе, 337 өлім жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, 26 533 науқас жазылып шыққан.
Ал Атырау облысынан 3 адам анықталса, Маңғыстау аймағынан ешқандай жаңа дерек тіркелмеді.