Түпқараған аудандық сотында ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігімен Ш-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап mangystaumedia.kz сайты хабарлады.
Сотта анықталғандай, Ш. есімді азамат 2 тамыз күні Форт-Шевченко қаласында мас күйінде полиция қызметкерін балағаттап, олардың ар-намысына нұқсан келтірген.
Сот үкімімен Ш. ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.