Атырау облысындағы республикалық маңызы бар барлық жол 2024 жылға дейін ақылы болмақ. Бұл жөнінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасай отырып «Тенгриньюс» сайты хабарлады.
Жүйені кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған. Бірінші болып, яғни, келесі жылы ақылы негізге Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы автожолы өтеді. Ал төрт жылдан кейін Атырау – Орал, Атырау – Доссор – Мақат – Қандыағаш – Ақтөбе және Атырау – Астрахан жолдарымен қатынау үшін ақша төлеуге тура келеді.
Жалпы, «ҚазАвтоЖол» компаниясы басшысының айтуынша, төрт жылдан кейін еліміздегі барлық жолдың жартысына жуығы ақылы болады.