Шетелдік азаматтардың елімізде 1 қарашаға дейін қалуы заңдастырылды. Берілген визаның шығу уақыты 5 тамызға дейін ғана еді. Дегенмен шекаралардың әлі ашылмағандығы себепті бұл уақыт ұзартылды.
Енді құжатының мерзімі біткен шетелдіктер мен оны қабылдаушы тарап әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Сондай-ақ, жаңа қаулыда бірқатар жеңілдік қарастырылған дейді мамандар.
Әділжан ЖАНШИН, Атырау облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы:
Жеке сапармен келген, оқу визасымен келген, жұмыс визасымен жүрген адамдарға арнап заңға өзгертулер енгізілді. Енді жанұяға қосылу деген виза жасалатын болды. Пандемияға байланысты бұл визаны көші-қон басқармасынан алуға рұқсат бар. Тағы да 109 елге бірмәртебелік іссапар, туристік емделу элоктронды түрде берілетін болды.
Қаулыдағы өзгерістер бұл ғана емес, бұрын инвесторларға виза тек үш жылға берілсе, енді бұл уақыт 5 жылға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, шетелдіктерді қабылдаушы тарап шетел азаматтары елге кіргеннен кейін үш күн ішінде көші-қон басқармасына хабарлауы тиіс.