Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары сотталды. Шенеунік осыдан бірнеше ай бұрын пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Қазір тергеу жұмыстары аяқталып, аудандық сот қызметін асыра пайдалып, алаяқтық жасады деп айыптады.
Себебі, ол аз қамтылған тұрғындар үшін медициналық маска сатып алу мақсатында кәсіпкерлерден жинаған 125 мың теңгені жеке қажеттілігіне жұмсаған.
Айдос МАМЫТ, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі АОД басшысының бірінші орынбасары:
– Ол туысқандарының атына тіркелген ЖШС мен жеке кәсіпкерлікті өзі басқарған және оларға жұмыс барысында артықшылық білдірген. Балықшылар күніне арналған іс-шараны өткізу сылтауымен ЖШС құрылтайшысынан 150 мың теңге көлемінде ақшалай қаражатын иемденген. Сонымен қатар, өндірістік коперативтердің біріне 500 мың теңге зиян келтірген еді.
Енді экс-шенеунік мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 2 750 000 теңге көлемінде айыппұл төлейді. Одан бөлек, үкім күшіне енгеннен кейін заңнамаға сәйкес аудан әкімі де 10 күн ішінде жылы орнын босатуы тиіс.