Атырау өңірінде «Нұр Отан» партиясының праймеризіне қатысуға 404 адам тіркелген. 17 тамыз бен 3 қазан аралығында өтетін іріктеуде бақ сынаушылар өзінің бағдарламаларымен таныстырып, үгіт-насихат жүргізеді.
Бұған дейінгі сайлаулардан ерекшелігі – кандидаттарға тек партия мүшелерінің дауыс бере алатындығында. Сондай-ақ, олар бір ғана емес, бірнеше үміткерді таңдау құқығына ие.
Үміткерлер өздері қатысқан кездесулер мен жария дебаттарын желіге жүктей алады. Ал партия мүшелері материалдарды бағалай отырып, дауыс береді. Нұротандықтардың айтуынша, тіркелуші жастар мен әйелдер саны тиісінше 20 және 30 процентке жетуі тиіс. Атырау облысындағы көрсеткіш бұдан 5 пайызға артығымен орындалып отыр.