Шаһарда аз қамтылған 300 шаңыраққа азық-түлік таратылды. Әлеуметтік қаптың 150-і Имағали мешітінде берілсе, жартысы қалған 6 мешітте жүзеге асты.
Шараның өтуіне ат салысқан имамдардың айтуынша, бұл – індет кезіндегі садақа жасаудың әрі қайырымдылыққа атсалысудың әдемі үлгісі.
Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ, Атырау облысының бас имамы:
– Еліміздің түкпір-түкпірінде яғни әрбір жерде осындай қайырымдылық шарасын өткізіп отыр. Өйткені, қырқын, жетісін, үшін деген қазіргі таңда беріліп жатқан жоқ. Солардың орнына әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық шараларын өткізіп отыр.
Садақаның сауабынан үмітті жандар дәл осындай 6 300 қап азық-түлік әзірлеп, оны тарату жұмыстарын республика көлемінде қолға алған. Індет кезінде тұрмысы тұралаған тұрғындар игі істі бастаушыларға алғысын жаудырды.
Қайырымдылыққа мұқтаж атыраулықтар Иманғали мешітіне ағылып жатты. Дегенмен карантин талаптары толықтай сақталып, арақашықтық, бетперде тағу секілді ережелердің ешқайсысы бұзылған жоқ.