Қазақстандықтардың қасиетті жерлерге сапар шегуге сұранысы артқан. Мамандар мұны карантиндік шектеулердің әсері дейді.
Атырау өңіріне «Қасиетті Қазақстан» ғылыми зерттеу орталығы келді. Мақсат – Ақмешіт, Оңай ата, Күлшан ата, Махамбет Өтемісұлы және Сарайшық секілді қасиетті орындармен танысу.
Экспедиция екі аптаға созылады. Осы уақыт ішінде ғалымдардың Орал, Ақтөбе, Маңғыстауға шеккен сапарлары ғылыми мақалаларына арқау болмақ. Мұндағы жобаның басты мақсаты – дәстүрдің құндылығын қайта қалпына келтіру, сондай-ақ, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау.