Өткен тәулікте республика бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 571 жағдайы және 6 өлім тіркелді. Оған қоса 79 адам емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.
1 тамыздан бері ауру жұқтырғандардың саны 26 322-ге жетсе, 301 адам қайтыс болған. Ал жазылып шыққандардың саны 5 773 жетті.
Маңғыстау облысында соңғы 5 тәулік бойына дерт жұқтырған бір де бір жағдай тіркелмеді. Ал Атырауда соңғы тәулікте 5 адамнан коронавирустың белгілері анықталды.