Бірер апта бұрын қалыпқа келген қалаішілік маршруттардың ізін ала бере шаhар маңындағы елдімекендерге қатынайтын автобустар да қайта жолға шықты.
Санитария талаптарына сәйкес, жолаушылар автобустағы орын санына қарай кіргізіледі. Ал кейінгі маршрут келгенше мінем деушілердің саны қайтадан артады. Осы мәселеге орай, тұрғындар интервал уақытының жиілегенін қалайды.
Гаухар ҚАБДОЛЛАЕВА, «Smart Atyrau» КММ қызметкері:
– Еркінқала, Дамбы, Геолог және Жұлдызға қатынайтын атвобустарды көбейту әлі де жоспарда бар. Олардың іші жартылай толу қажет және орындықта ғана отыруға рұқсат етіледі. Біз әкімдіктен бөлінген қызметкерлер және полиция қызметкерлерімен бірге таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 8-ге дейін қатаң бақылаймыз.
Қазір қала бойынша 26 бағытта 123 транспорт қатынайды.