CaspianLife, 8 қазан. Маңғыстау облысында жансақтау бөлімінде жатқан 9 жастағы бала 6 қазанда қайтыс болды.
Бұған дейін Мұнайлы ауданында үйде ысталған балық жеген үш ересек адам мен бала ауруханаға түскен еді. Оларда ауыр ботулизм белгілері анықталып, ботулизмге қарсы сарысу енгізілген.
Қазір баланың әкесінің жағдайы тұрақтанған. Отбасының тағы екі мүшесі ем қабылдап жатыр.

