Атыраудың 65 мың тұрғыны 42 500 теңге алуға өтініш берген. Бірақ жергілікті штаб оның мың жарымнан астамы қанағаттандырмаған көрінеді. Ал қалған 63 мың тұрғынға тамыз айының бірінші жартысында берілетін 21 250 теңге де қосылып түскен.
Олардың 15 мыңы – жұмысынан уақытша қағылған жалдамалы жұмысшылар, 36 мыңға жуығы – жеке кәсіпкерлер. Ал жарты айға берілетін жәрдемақыны алып үлгермегендер алаңдамаса да болады.
Азамат МАМБЕТОВ, Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:
– Тұрғындар 1-қыркүйекке дейін арыздарын бере алады. Бірақ бұл 17-тамызға дейінгі болған шектеулерге байланысты төленеді.