Бүгін Құрманғазы ауданы аумағында шамамен 3,5 миллиондай шабақ құтқарылды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Кеше Құрманғазы ауданының Бірлік ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылы тұсындағы Ржанау сайына көктемде келетін судың тартылуы салдарынан шағын көлшік бөлініп қалған. Ондағы сазан және мөңке балықтарының шабақтарын құтқару үшін шұғыл шаралар қолға алынды.
Шараға жергілікті атқарушы орган өкілдері, жануарлар дүниесін қорғау мекемесі қызметкерлері, ауылдың ерікті жастары, «Каспий балық» және «Амангелді» табиғат пайдалуанушылар қызметкерлері бар 60 адам жұмылдырылған. Соның арқасында шамамен 3 миллионнан аса шабақ құтқарылып, Қиғаш өзеніне жіберілді.