Еркінқалалық тұрғын өзінің ауласына 2 мың түп есірткі шөбін өсірген. Полицейлер оны «Қарасора» алдын алу шарасы барысында тәркіледі.
Ұсталған азаматтың үйінен салмағы 1 келі 25 грамм болатын кептірілген сора да табылыпты. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозалып, тергеу жүргізілуде.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы:
– Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексерулер ҚР Қылмыстық Кодексінің 300 және 296 баптары, «Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру» және «Есірткі, психотроптық заттарын, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша жүргізілуде.