Жақында «Nur Otan» партиялық бақылау комиссиясы Ақтаудағы онкологиялық диспансердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Әзірге орталықтың құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып тұр. Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлады.
Қазір шетелден келген арнайы мамандар медициналық құрал-жабдықтардың қолға тиген 60 пайызын орнатуды бастаған. Қалған жабдықтар белгілі себептерге байланысты кешігіп жатыр.
Партиялық бақылау комиссиясының айтуынша, жыл соңына дейін диспансер толық аяқталып, ел игілігіне беріледі деп жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Б. Байбек Ақтау қаласындағы 100 орындық онкология диспансері құрылысының мерзімінде аяқталуын «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалына тапсырған еді.