«Таза Каспий» акциясына Маңғыстау облыстық суасты аңшылығы федерациясының негізін қалаушы Мәміл Бисенқұл мұрындық болған. Шара облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен теңіздің халықаралық күніне арналды.
Тазалық жұмыстарына суасты аңшылығымен айналысушы жергілікті 20 тұрғын қатысқан. 10 адамнан құралған бірінші топ 4А ықшамауданы маңындағы суды қоқыстан тазартса, екінші топ өзінің жұмысын «Самал» қонақүй кешені маңынан бастаған. Су астынан шыққан қоқыс «I love Aktau» жазуының қасына жиналды.
Шәміл Темірханұлының айтуынша, пластик шөлмек, дөңгелек, ау, шыны ыдыстар сияқты көптеген нәрседен құралған қоқыстың жалпы салмағы шамамен 3 тоннадай болған.
Ұйымдастырушылар атқарылған акция арқылы жергілікті тұрғындарды Каспийдің экологиялық мәселелеріне назар аударуға шақырады.