Биыл Атырау облысынан көшіп кеткендердің саны өңірге қоныстанғандардан асып түсті. Статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері аймақтан кеткен 8 000-нан аса адамның басым бөлігі қазір республиканың өзге аймақтарында тұрады.
Ал сыртқы көші-қон мәселесіне келер болсақ, қазақстандықтардың дені ТМД елдеріне көшсе, 17 атыраулық алыс шетелге жол тартқан.
Айсұлу ҚАРЫМСАҚОВА, Атырау облысы статистика департаменті басқармасының бас маманы:
– Былтырғымен салыстырғанда, кеткендер саны 71,9 проценкке азайды. Сыртқы көші-қон бойынша негізгі көші-қон ТМД елдерімен болуда. Соның ішінде Ресейден келгендердің саны 32 болса, кеткендер 90 адамға жетті.
Ал ішке қоныс аударғандардың көбі – жақын шетелдерден келген этникалық қазақтар.
Мысалы, Жұмагүл Қосаумасова атамекенге қоныс аударуды 25 жыл бұрын ойына алғанмен, ұзақ тұрақтай алмапты. Дегенмен ақыр соңында Атырауға орналасу бұйырған.
Жұмагүл ҚОСАУМАСОВА, зейнеткер:
– Балалар әлдеқашан орнығып алды. Біз де Қазақстанға келейік, балаларға жақындайық, немерелеріміздің қасында болайық деп шештік. Осында біржола келдік. Өзімізге Атыраудың жері, табиғаты ұнады. Ол жақта ылғи тоңып жүретін, ал мында – 9 ай жаз.
Статистикаға қарап, көші-қон бойынша теріс айырымды байқауға болады. Алайда бұл көрсеткіштің карантиннен кейін қалай өзгерерін алдағы уақыт көрсетпек.