Атырау облысының басшысы Махамбет Досмұхамбетов ЖОО-ға түсетін мектеп және колледж аяқтаған түлектер үшін 116 оқу грантын бөлді.
Оның көпшілігі, яғни, 49-ы педагогика саласына, 17-сі медицинаға арналып отыр. Ал қалғаны ветеренария, агрономия, өнер және басқа да мамандықтарға тиесілі. Оған ҰБТ-дан шекті балл алған барлық санаттағы түлек қатыса алады.
Айнагүл ЖҰМАҒАЗИЕВА, Атырау облыстық білім беру басқармасының бас маманы:
– Ең бірінші, маусым айында жинаған ұпайына назар аударылады. Балы бірдей болған жағдайда төмендегі санаттағы адамдарға – алтын белгі иелері, халықаралық олимпиада жүлдегерлері, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек және колледжді үздік бітірген балаларға басымдық беріледі. Облыс әкімінің грантына степендия қарастырылмаған.
Жергілікті білім беру грантына құжаттар 15–20 тамыз аралығында қабылданады. Айта кетейік, облыс әкімі 2018 жылы осындай 231 грант бөлсе, өткен жылы 178 талапкер өңір басшысының қолдауымен тегін білім алуға мүмкіндік алған еді.