Ақтауда өңірдегі карантин шараларына қарамастан жұмыс істеген шаштараз және монша анықталды.
7-тамыз сағат 11.30-да 1-шағынаудандағы учаскелік инспекторлар шаш қиятын мекемені анықтады. Шектеу шараларын бұзғаны үшін кәсіпкерге ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының жедел уәкілдері – жедел қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері 8-тамыз күні сағат шамамен 23.00-де Ақтау қаласындағы 22-ықшамауданда орналасқан моншаға келген қырыққа жуық адамды ұстады.
Тексеру барысында полицейлер моншаның жұмыс істеп тұрғанын және 15 бөлмесі бос емес екенін анықтады. Құқық бұзушыларғға қатысты ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Екі іс бойынша жиналған материалдар Маңғыстау облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жолданды.