Сенат сайлауына аздаған күн қалды. Басты заң шығарушы органдағы жайлы орыннан өзін көргісі келген үміткерлердің қатары бесеу болғанымен кейін екеуі кандидатураларын қайтарып алған еді. Қалған үш үміткердің екеуі Индер ауданына келіп, мәслихат депутаттарымен кездесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.
Сағындық ЛҰҚПАНОВ, үміткер:
– Бағдарламамның ішіндегі ең бірінші мәселе – денсаулық. Қалай айтсақ та, қазіргі жағдайда денсаулық саласындағы мәселелер күрделі болып отыр.
Еңбек жолында мұнайлы мекенде бірқатар басшылық тізгінін қолына алған үміткер сенат мінберінде осы мәселемен қатар білім беру саласындағы өзекті сауалдардың шешімін табуға тырысатынын жеткізді. Мамандығы дәрігер болса да, көк аспанда қалықтап жүруді жөн көрген Серік Смағұлов та сенатор болуға белсене кірісіпті.
Серік СМАҒҰЛОВ, үміткер
– Мәслихат депутаттарымен бүгін кездесіп отырмыз. Біршама сұрақтары бар екен. Өзіміздің бағдарламамызды айтып, сұрақтарын тыңдап, жауап беруге тырыстық. Сенатқа өтетін жағдайда Индер ауданының тұрғындарына барлық сұраныстарына жауап беруге тырысамыз. Көп мәселе бар. Солардың бәрін шешу керек. Жайықтыың мәселесі бар. Жолдың мәселесі бар.
Жүздесу барысында аудандық мәслихат депутаттары мал азығы, суармалы егіс жерлерін дайындау, заң сапасын арттыру секілді мәселелерді шешуде ыждағаттылық күтетіндерін жеткізді. Ал қай үміткердің бағы жанатыны 12-тамызда белгілі болады.