CaspianLife, 24 сәуір. Астрахань облысындағы Ресей географиялық қоғамының бөлімшесінің басшысы Петр Бухарицин аман-есен табылды.
Бұл туралы «Лотос» мемлекеттік телерадиокомпаниясы Каспий флотилиясының жедел қызметіне сілтеме жасап хабарлады. Хабарламада айтылғандай, 23 сәуір күні ғалым әлі де аралда болған, ол Укатный аралында орналасқан далалық лагерьде жатыр. «Лотос» ГТРК мәліметінше, ғалым Каспий теңізінде, Қазақстан мен Ресей шекарасында өткен ғылыми экспедиция кезінде жоғалып кеткен.