Caspianlife, 5 наурыз. Әлеуметтік желілерде Қазақстан футбол федерациясының экс-президенті мен басқа да бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты тінтулер мен өзге де тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат пайда болды.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі бұл ақпаратқа қысқаша түсініктеме берді:
«БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты мәлімдейміз: ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асырылуда. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды».
(Сурет: Рахим Койлыбаев)