CaspianLife, 24 ақпан. Ауыл шаруашылығы министрлігі, Сауда және интеграция министрлігі (СИМ), Құс өсірушілер одағы, жұмыртқа өндірушілер салалық қауымдастығы және Сауда желілері одағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, меморандумның негізгі мақсаты – бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.
«Жергілікті өндірушілерді қорғау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік жұмыртқасын әкелуге шектеу енгізу мәселесін қарастырады және СИМ-мен бірлесіп, «сұр» импорттың сатылуына жол бермеу бойынша бақылау шараларын қабылдайды. Құс өсірушілер одағы мен қауымдастық құс фабрикаларының қоймаларынан және өздерінің фирмалық дүкендерінен босату бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге міндеттенеді. Өз кезегінде, Сауда желілері одағы сауда желілерінің заңнамаға сәйкес ең жоғары сауда үстемесін сақтауын қамтамасыз етеді және осы санаттағы жұмыртқаны сатудан сыйақы өндіру фактілеріне жол бермейді», – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.