CaspianLife, 20 ақпан. Астанадағы Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жетекшілігімен Каспий маңы елдерінің өкілдері қатысқан келіссөздердің төртінші раунды өтті.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысындаRfcgbq тараптар Каспий теңізіндегі әскери қызмет саласындағы сенім шаралары туралы келісім жобасын талқылады.
Аталған құжат Қазақстан тарапынан дайындалған және 2018 жылғы 12 тамызда Маңғыстау облысының Ақтау қаласында өткен Бесінші Каспий саммитінің қорытындысы бойынша мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыруға бағытталған.
«Келісім жобасы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияда бекітілген қағидаттарды жүзеге асыруды көздейді», – делінген хабарламада.