Caspianlife, 19 ақпан. Атырау облысының жер ресурстарын басқару департаменті мен Атырау көлік прокуратурасы бірлесіп жүргізген тексерістер барысында мемлекеттік жерлердің заңсыз пайдаланылу фактілері анықталды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «К» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 136-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 2,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
«Махамбет ауданында орналасқан 100 гектар жер учаскесін игеру бойынша «К» шаруа қожалығына нұсқама берілген. Алайда, талап орындалмағандықтан, жер учаскесі Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 94-бабына сәйкес мемлекет меншігіне қайтарылды», – делінген хабарламада.
Дереккөз: www.caspianlife.kz
(Сурет: CaspianLife редакциясының мұрағатынан)