CaspianLife, 15 қаңтар. 2024 жылдың қаңтар айында Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында есірткі тарату арнасын анықтап, жойды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты (Polisia.kz) хабарлағандай, жедел-іздестіру шараларының кешені нәтижесінде Ақтау қаласында марихуананы сату бойынша кезең-кезеңімен ұйымдастырылған схема құжатталды. Есірткі бірнеше ондаған килограмм көлемінде сатылған. Тінту іс-шаралары қаланың әртүрлі бөліктерінде, пәтерлер мен тұрғын емес ғимараттарда жүргізілді.
«Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы 200 килограмнан асты. Осы іске байланысты аталған қаланың төрт тұрғыны мен елдің оңтүстік өңірінен келген бір адам қамауға алынды», — деп хабарлады Polisia.kz.