CaspianLife, 8 қаңтар. 2024 жылдың қазанынан 2025 жылдың қаңтарына дейінгі эпидемиологиялық кезеңде облыста 66 мыңға жуық өткір жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жағдайы тіркелді.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, ЖРВИ-мен жиі ауыратындар 14 жасқа дейінгі балалар (барлық науқастардың 64%-ы). Олардың ішінде үш жасқа дейінгі балалардың саны 3%-ды құрайды. Сонымен қатар, вирус 500-ден астам жүкті әйелге жұққан.
Атырау облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми өкілі Айкөркем Нұрғалиеваның айтуынша, ағымдағы жылдың көрсеткіштері 2023-2024 жылғы эпидемиологиялық маусымның сәйкес кезеңінен төмен.
— ЖРВИ және тұмаудың негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрынның бітелуі. Мұндай жағдайда өзін-өзі емдеумен айналыспау керек, медициналық көмекке жүгініп, дәрігерді үйге шақыру қажет, — деп атап өтті А.Нұрғалиева.
Санитарлық дәрігерлер өңір тұрғындарын тұмаудың алдын алу үшін қарапайым ережелерді ұмытпауға шақырады.