CaspianLife, 5 қаңтар. Атырауда полиция тұрғындарға ескерту жасады. Былтыр мұз ойылып, 12 адам суға түсіп кеткен.
Атырау облысының полиция департаменті су айдындарында қайғылы жағдайға жол бермеу мақсатында профилактикалық іс-шараларды күшейтті.
Сонымен қатар мұз үстімен жүруге тыйым салынады ескерту белгілері орнатылған қауіпті жерлерден мұз үстімен өту деректері болған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделгені ескертілді.
«Су беттеріндегі мұз жамылғысы әлі де берік емес және әрқашан адамның салмағын көтере алмайды. Атырау облысы аумағында да ауа температурасының құбылмалығы себептерінен өзендегі мұз қалыңдығы әлсіз. Сондықтан атыраулық полицейлер мұз бетіне шығуға болмайтындығын және жасөспірім балаларды өзенге жібермеу керектігін қатаң түрде ескертеді», — делінген хабарламада.