Caspianlife, 29 қараша. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотында айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол заңсыз баспанаға кіру, бөтен мүлікті қасақана жою (өртеу), үлкен зиян келтіру, үш адамның ерекше қатыгездікпен қасақана өлтірілуі, басқа адамдардың өміріне қауіп төндіретін тәсілмен (оның ішінде екі жас баланың) өлтіруге әрекет жасау бойынша айыпталды.
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, айыпталушы зардап шегуші әйелмен кездескен, кейін олар арасындағы келіспеушіліктер салдарынан әйел қарым-қатынасты тоқтатуға шешім қабылдаған. Алайда айыпталушы әйелді үнемі мазалап, оның пәтеріне екінші қабаттың терезесі арқылы кіріп, егер ол онымен қарым-қатынасты жалғастырмаса, оны бензинмен өртейтінін айтып қорқытқан.
Іс материалдарынан:
«Айыпталушы зардап шегушінің пәтеріне жатын бөлмесінің терезесі арқылы кіріп, оған пышақ тақап, өлтіремін деп қорқытқан. Өзінің өміріне қауіп төнгенін сезген зардап шегуші айыпталушыға балаларының (алғашқы некеден) ұйықтап жатқанын айтып, донер алғысы келетінін айтты, осылайша айыпталушыны алдап, пәтерден шығарып, көмекке өзінің танысын шақырған. Танысы айыпталушыға қызды мазаламауды айтқан. Зардап шегуші айыпталушының қайтып келетінін білгендіктен, танысынан ол оның жанында балалармен бірге қалуын сұраған.
Айыпталушы, зардап шегуші мен оның танысының пәтерге бірге кіргенін көріп, қызғаныштан ашуланып, 5 литрлік бензин құтылығын сатып алып, оттық пен қағаз алып, қайтадан пәтерге кіріп кеткен. Айыпталушы, пәтерде балалар мен танысы ұйықтап жатқанын білгендіктен, бензин құйып, пәтерді өртеп жіберген, онда екі кішкентай бала ұйықтап жатқан болатын, содан кейін қылмыс орнынан қашып кеткен.
Өрттің қатты болуына байланысты және денесінің 90%-ы күйіп қалған зардап шегуші балаларын құтқара алмай, танысы терезені сындырып, зардап шегушіні сыртқа шығарып алып кеткен. Нәтижесінде пәтерде зардап шегушінің 10 жастағы ұлы мен 7 жастағы қызы қаза тауып, ол ауруханада күйіктен қайтыс болған, ал оның танысы аман қалған»
Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, айыпталушының кінәсі толықтай зардап шегушілердің, куәлардың айғақтарымен, оқиға орнын тексеру хаттамаларымен, сараптама қорытындыларымен, бейнемазмұндармен дәлелденген. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, айыпталушы аффект күйінде болмаған және психикалық тұрғыдан сау болған.
Прокурор мен зардап шегушілер айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған. Айыпталушы өз кінәсін мойындамады, ол аффект күйінде болғанын айтып, өзін ақтауды сұрады. Қорғау тарапы айыпталушыны ақтауды сұрады.
Сот мынадай шешім шығарды:
Жеңілдететін мән-жайлар анықталмады. Айыпталушы келесі баптар бойынша кінәлі деп танылды:
— ҚК 149-бабының 2-бөлігі,
— ҚК 202-бабының 2-бөлігінің 1 және 5 тармақтары,
— ҚК 99-бабының 3-бөлігі,
— ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 5 және 6 тармақтары,
— ҚК 24-бабының 3-бөлігі
— ҚК 99-бабының 2-бөлігінің 5 және 6 тармақтары.
«Ол өмір бойына бас бостандығынан айыруға кесілді. Зардап шегушілердің пайдасына материалдық және моральдық шығындар өндірілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады сот.