CaspianLife, 3 желтоқсан. «Теңізшевройл» компаниясы (20% акциясы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға тиесілі) отандық экономикаға елеулі үлес қосуды жалғастыруда. 1993 жылдан бері «Теңізшевройл» (ТШО) еліміздің экономикасына 198 миллиард АҚШ долларынан астам қаржы бағыттаған.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, соңғы зерттеу нәтижелері бойынша, S&P Global компаниясы ТШО-ның соңғы 12 жылдағы орташа үлесінің Қазақстанның номиналды жалпы ішкі өнімінің 11%-ын құрайтынын көрсетті. Сонымен қатар, мультипликативті әсердің арқасында әрбір қазақстандық компания қызметкері еліміз бойынша 41 жұмыс орнын (тауарлар мен қызметтер) қамтамасыз етеді, бұл өз кезегінде өңірлердегі экономикалық белсенділіктің артуына септігін тигізеді.
«ҚазМұнайГаз» Теңіз кен орнын кеңейту жөніндегі ағымдағы жобаларды уақтылы іске асыруға ерекше назар аударып, Қазақстан құрамын арттыруға және кадрларды ұлттықтандыруға баса мән береді. 2024 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша ТШО-дағы отандық мамандардың үлесі 95%-ға жетті. Жалпы алғанда, бұл жобалар кен орнын толық ауқымда игеруге жаңа мүмкіндіктер ашып, Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына үлес қосуда», — делінген ҚМГ хабарламасында.