CaspianLife, 14 қараша. 2025 жылдың қаңтарынан бастап сегіз түрдегі анықтама электронды форматқа ауыстырылатын болады, бұл поликлиникалардағы кезекті азайтуға және заңсыз медициналық анықтамалар берудің алдын алуға бағытталған шара.
Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, атап айтқанда электронды форматқа ауыстырылатын анықтамалар:
— Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы
— 075 / е «Медициналық анықтама»
— 026 / е «ДКК қорытындысы»
— 073 / е «ТҚ басқаруға рұқсат туралы анықтама»
— 069 / е «Санаторийлік-курорттық карта»
— 052-2 / е «Баланың денсаулық паспорты»
— 076 / е «Қаруға рұқсат алу»
— 038 / е «Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама» электронды форматқа көшіріледі.
Аталған анықтамалар қажеттілік бойынша азаматтардың келісімімен белгіленген орынға жіберіледі.
Қалалық №5 қалалық емхананың басшысы Нұрбақыт Купжанов ӨКҚ-не берген сұхбатында қазіргі уақытта «Амбулаторлық-емханалық көмек» арқылы ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы «edensaulyq» бөлімі іске қосылғанын атап өтті, бұл азаматтарға өздерінің жеке медициналық деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.