CaspianLife, 18 қазан. Атыраулық синоптиктер қараша айы мен алдағы қыстың қалай болатындығына болжам жасады.
Метеорологтардың айтуынша, қарашада ауа температурасы -1 мен +2 градус аралығында болмақ. Жауын-шашын мөлшері де орташа: 10-18 мм шамасында. Өткен жылмен салыстырғанда желтоқсан, қаңтар, ақпандағы күн райында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Қаңтар айында ауа температурасы 15 градусқа дейін төмендемек. Сондай-ақ, мамандар Атырау өңіріне тән екпіні қатты жел мен шаңды дауылдың болып тұратындығын ескертті.
«Қараша айында ауа ылғалдығы мен температурасы бір қалыпты. Қыс айларындағы ауа температурасы да әдеттегідей. Ауаның орташа температурасы минус 5-10 градус аралығында»- деп атап өтті «Қазгидромет» РМК АОФ жетекші инженер синоптигі Миргүл Ғилажова.