CaspianLife, 19 қыркүйек. Астанада өтетін жәрмеңкеге үш облыстың тауар өндірушілері 400 тоннадан астам өнім әкеледі.
Алдағы демалыс күндері Астанада жыл сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады, онда ел өңірлерінің тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Астана қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, елордаға бірінші болып Ақтөбе, Атырау және Жамбыл облыстарының фермерлері келеді. Хабарламада айтылғандай, олар 125 тонна ет және ет өнімдерін, 250 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, 26 тонна сүт өнімдерін, 22 тонна балық, 26 мың дана жұмыртқа, 2 тонна нан-тоқаш өнімдері және 60 тонна басқа да азық-түлік өнімдерін жеткізеді – барлығы 400 тоннадан астам тауар. Жәрмеңке концерттік бағдарламамен өтеді.
Айта кетейік, биыл жәрмеңке «Қазанат» ипподромына қарама-қарсы, Қарқаралы тас жолы, 1 мекенжайында өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін жәрмеңкелерді өткізу орнына №18, 37, 303 және 323 автобус маршруттары қатынайтын болады.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.