CaspianLife, 26 тамыз. Мемлекет басшысының есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігі мен Ішкі істер министрлігі тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасап келеді,- деп хабарлады ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі.
Жұмыс топтары құрылып, орталық және өңірлік деңгейде апта сайынғы кездесулер өткізу арқылы ынтымақтастық орнатылды.
ҚМА бастамасы бойынша Қаржылық маниторинг агенттігінің Төрағасы Дмитрий Малахов пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың жұмыс кездесуі өтті, оның барысында жұмыстың басым бағыттары бойынша одан әрі өзара іс-қимыл векторлары талқыланды.
Осыған байланысты, құжат қылмыстық кірістерді, есірткіні таратудың заңсыз тәсілдері мен схемаларын анықтау кезінде бірлескен жұмыс шеңберінде өзара іс-қимылды кеңейтуге мүмкіндік береді.
«Біздің қаржылық барлау бөлімшесі өткен жылдан бері «Telegram» әлеуметтік желісінде есірткіні сату бойынша 55 интернет-арнаны анықтады. Олар бойынша ішкі істер органдарына 30-ға жуық материал жіберіліп, 18 қылмыстық іс тіркелді», — деп атап өтті Д.Малахов.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов өз кезегінде бұл кездесу тараптардың есірткі қылмыстарына қарсы тиімді іс-қимылға мүдделілігін тағы да атап өтті.